CALL-CENTRE
8 800 080 54 44
Басты бетЖобаларBONUS-CARD бейілділік бағдарламасы

BONUS-CARD бейілділік бағдарламасы

BONUS-CARD бағдарламасына қатысу ережелері

2023 жылдың 05 маусымнан бастап BONUS-CARD бағдарламасының шарттары:

 

BONUS-CARD бағдарламасы қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу кезінде қолданылады, жеке автокөлік иелеріне арналған және жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

BONUS-CARD картасы "helios" жанармай құю станциясында бонустарды жинап, оны тауарлар, жанармайлар мен қызметтерге айырбастау құралы болып табылады.

Бонустарды карта сатып алынған қалада ғана жұмсауға болады.

"Helios" жанармай құю станциясында жанармай құйған сайын және қызметтерді, тауарларды сатып алу кезінде төлемге дейін бонус-картаны көрсету керек, әйтпесе бонустар есептелмейді.

BONUS-CARD иегері атану үшін "Helios" ЖҚС картасын сатып алыңыз және "Helios" Бонус-орталығына қоңырау шалу арқылы тіркелу керек.

BONUS-CARD құны номиналға байланысты 1000 (бір мың) теңгені, Bonus-CARD 5000 (бес мың), 10000 (он мың) және 15000 (он бес мың) теңгені құрайды.

Карталар жарнамалық акциялар шеңберінде акцияның өзінде көрсетілген шарттар бойынша таратылуы мүмкін.

BONUS-CARD бағдарламасы карта иесі тіркеген көліктерге қолданылады.

Тіркеу кезінде карта иесі көрсеткен деректер Компанияның дерекқорына сатып алынған BONUS-CARD нөміріне сәйкес енгізіледі.

BONUS -CARD иесі компанияның бонус-орталығына тіркелу кезінде көрсеткен жеке деректеріндегі өзгерістер туралы уақтылы хабарлауға өзі жауапты болады.

BONUS -CARD сатып алған және оның пин-кодын алған сәттен бастап карта иесі өз картасына, онда жинақталған бонустарға және осы картамен жасалған операцияларға өзі жауапты болады.

BONUS-CARD иесі өз картасының пин-кодын және нөмірін білуге және оны ЖҚС-да чектерде көрсетілген карта иесінің тегі, аты, әкесінің аты-жөнімен өзі салыстырып тексеруі керек. Басқа жағдайда, картаның иесі барлық шығындарға, залалдарға және бұл ретте туындаған тәуекелдерге  өзі жауапты болады және "Гелиос" ЖШС-не шағым жасауға немесе залалды өтеуді талап етуге құқылы емес.

BONUS-CARD ұрланған немесе жоғалған жағдайда, www.helios.kz корпоративтік сайттағы жеке кабинетте картаны дереу бұғаттау керек немесе сайтта көрсетілген контактілер арқылы қалаңызда орналасқан бонустық орталығына хабарласу керек. Қалаңыздағы бонустық орталығына жазбаша өтініш беру арқылы кез келген ауызша өтінішті растау керек (өтініш факсимиль, ұялы байланыс немесе e-mail арқылы жіберілуі мүмкін, содан кейін түпнұсқасы беріледі). Bonus-картаны ауыстыру үшін дереу қалаңыздағы Бонус орталығына хабарласыңыз.

BONUS-CARD жоғалған жағдайда немесе карточка иесі ПИН-кодты жоғалтқан немесе жария еткен жағдайда, картаны бұғаттаған сәтке дейін осы карта бойынша үшінші (басқа) тұлғалар жасаған барлық операциялар карта иесі жасаған болып есептеледі. Осыған байланысты туындаған барлық шығыстарды, залалдар мен тәуекелдерді карта иесі өзі көтереді және "Гелиос" ЖШС-не шағым жасауға, осындай жағдайларда жіберілген залалды немесе тауарды/жанармайды беруді талап етуге құқылы емес.

Егер сіздің бонустық картаңыз кассалық құрылғыда оқылмаса, картаның магниттік жолағын қалпына келтіру мақсатында бонус орталығына хабарласыңыз. Бұл қызмет тегін.

Егер сіздің бонустық картаңыз бүлінген болса, картаны ауыстыруға қаладағы бонустық орталығына хабарласыңыз. Бонус картасын ауыстыру Тегін. Жинақталған бонустар сақталады. Картаны қалпына келтіру/ауыстыру кезінде жасалған сатып алуларға бонустар есептелмейді.

Кассир-оператор сауда жасау кезінде сіздің картаңызды ЖҚС-да кассалық жүйенің оқу құрылғысы арқылы жүргізіп сатып алуды тіркеу және бонустарды есептеуді жүзеге асырады. Чек сіздің картаңыздың нөмірін көрсетеді. Сіздің картаңыздың нөмірі көрсетілмеген чектер бойынша жинақтаушы шотқа бонустар есептелмейді.

Бонустар тек бір BONUS-CARD бойынша жинақтаушы шотқа есептеледі. Әрбір қосымша сатып алынған картаға жаңа жинақтау шоты ашылады.

BONUS-CARD және онда жинақталған бонустарды беруге, үшінші (басқа) тұлғаларға сатуға, бағдарламаның басқа қатысушыларымен немесе басқа жинақтаушы шоттармен біріктіруге болмайды.

Карточкаңыздың нөмірі көрсетілген қолма-қол ақша чектері бойынша сіз шот – фактураны тек жеке тұлға-карта иесінен ала аласыз.

Шоттың жай-күйі туралы ақпарат сатып алғаннан кейін екі күн ішінде және егер сатып алу басқа қалаларда жасалған болса, 30 күннен кейін жаңартылады.

BONUS-CARD қолданбай сатып алу жинақтаушы шотқа бонустар есептеуге құқық бермейді.

BONUS-CARD-тағы жинақ сомасы 50 000 теңгеден аспауы тиіс.

Сіз жинақталған бонустарды соңғы қолма-қол ақшамен сауда  жасағаннан кейін 6 (алты) ай ішінде жұмсай аласыз. Компания саясатына сәйкес пайдаланылмаған бонустар есептен шығарылады. Bonus-CARD-да есептен шығарылған бонустар қайтарылмайды.

Сауда жасау туралы толық қолданыстағы мәліметтер базасында қалыптасады (соңғы 6 айда).

BONUS-CARD жинақтаушы бағдарламасына қатыса отырып, қатысушы осы бағдарламаға қатысу ережелерімен танысқанын және олармен келісетінін растайды.

Жазылу