Астанада Helios жанармайының сапасына ашық тексеру жүргізілді

Helios жанармай құю станциясында клиенттердің қатысуымен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау зертханасымен бірлескен тексеру өтті.

Қатысуға ниет білдірген клиенттер арнайы чек-парақтар алып, зертханалық талдау барысымен және оның нәтижелерімен тікелей танысты.

Бензин сапасы ГОСТ талаптарынан таңдалған 8 көрсеткіш бойынша тексерілді. Зерттеу нәтижесінде барлық тексерілген көрсеткіштердің белгіленген стандарттарға сәйкес келетіні анықталды.

Тексеруге қатысқан клиенттерімізге алғыс білдіреміз. Сіздерді Helios жанармай құю станцияларында әрқашан қуана қарсы аламыз!