Алматы қаласындағы «Гелиос» жанармай құю станциясы қайта жөндеуден кейін жаңартылды!

Алматыда Helios №11 ЖҚС қайта жаңғыртудан кейін ашылғанын қуана хабарлаймыз🎉

Іске қосылған күні станцияда лезде сыйлықтар ұтысы өтіп, әр келуші өз бағын сынап көре алды. Сондай-ақ қонақтар ЯРКИЙ FOOD және ЯРКИЙ COFFEE өнімдерінің дәмін татып көрді.

Жаңартылған №11 ЖҚС-та сізді сапалы отын, хош иісті кофе, дәмді тіскебасарлар және тауарлардың кеңейтілген таңдауы күтеді. Заманауи төлем тәсілдері жанармай құюды бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жылдам етеді.