ЖҚС

[row] [column lg=”8″ md=”8″ sm=”12″ xs=”12″ ]

Біздің ЖҚС желісі Қазақстанда ең кеңінен тараған желі болып табылады:
61 елді-мекенде 260 жанармай құю станциялары бар. Жақын арада
сізге қолайлы болу үшін, тағы 100 станция іске қосылады.

«Гелиос» желісінің ЖҚС-да мұнай өнімдерінің келесі түрлері сатылады:

Этилденбеген автомиль жанармай маркалары:
АИ-80, АИ-92, АИ-95, АИ-98, Premium 95 және Super 98Дизельді қозғалтқыштар үшін жанармай маркалары:
Л-0,05-62, Л-0,05-40 (жазғы)
Б-ПЗ-0,2 минус 25, А-ПЗ-0,2 минус 30 (қатудың төмендетілген температурасымен)

Қазақстан нарығында Қазақстанның үш – Павлодар, Шымкент, Атыраудың, сонымен қатар Ресей мен Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өнімдері ұсынылады.

Сатылатын жанармайдың жоғары сапасы, қызметкерлердің сыпайылығы мен жедел жұмысы, станциялардың тәулік бойғы жұмысы мен жанармайға ақы төлеудің ыңғайлы рәсімі тұрақты клиенттерді көптеп тарту есебінен ЖҚС желісін кеңейтуге ықпал етеді.

«Гелиос» ЖШС ең соңғы әзірлемелердің бірі – автоматты автожанармай құю станциясын ( АЖҚС) ұсынады – бұл 2009 жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Алматы қаласында Райымбек көшесінде Бөкейханов көшесінен шығысқа қарай орналасқан. Бұл АЖҚС тек желіде ғана емес, жалпы Қазақстанда бірінші болып отыр. Бұл кассирлер мен жанармай құюшыларсыз жұмыс істейтін бірінші станция, осының өзі автомобильге өздігінен жанармай құюға мүмкіндік береді және ЖҚС ұстау үшін шығын көлемін барынша азайтады. Жанармай үшін ақы операторсыз жұмыс үшін әзірленген қолма қол ақшаны қабылдау құрылғысы және жинақтық «Гелиос-Кардты» қабылдау құрылғысы бар төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады. Осы АЖҚС-да жанармайдың үш түрі бар: Аи-98, Аи-95 және Аи-92 жанармайы. Көлікке жанармай құю уақыты жүргізу үшін 3 минуттан аспайды.

Келешекте «Гелиос» компаниясы АЖҚС-ты тек Алматы қаласында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де салуды жоспарлап отыр. Біз үнемі жаңа жобалармен жұмыс істейміз, және АЖҚС сияқты жаңалықтарды енгізу озық технологияларды қолдануда бір қадам алға басуға септігін тигізеді.

[/column] [column lg=”4″ md=”4″ sm=”12″ xs=”12″ ]

stations_img1

Гелиос ЖҚС-ң картасы

Біздің ЖҚС-да қызметкерлердің
жұмысына қатысты шағымыңыз
немесе ұсынысыңыз болса мына телефондарға хабарласыңыз:
тел: 8 (727) 259-62-47
е-mail: vpolovinkin@helios.kz

Final-3613-01

[/column] [/row]