Гелиос компаниясы жайлы*

*
Гелиос – грек тілінен – Helios – күн құдайы.

Күннің алпауыт күші – әлем өмірінің бастауы ретінде. Күндіз аспанды алтын күймемен жүріп өтеді, түнде теңіз арқылы шығысқа қарай өтеді.

Ашық аспан, жақсы, құрғақ жол, толы бак және көңілді компания – жүргізушіге жайдарлы саяхат үшін бұдан артық не қажет!

Әрине, ашық аспан аясында алтын күндей жарқырап, әрқашан да жолда кездесіп тұратын сапалы жанармайы бар жанармай құю станциясы.

Біз – Helios ЖҚС желісі жанармай құю станциямызға және сайтымызға келгеніңізге де қуаныштымыз.

Мұнда сіз үшін қалай жұмыс істейтініміз туралы, сапарыңыз сәтті болу үшін және жанармай құю станциясындағы қызмет көрсетуден, жанармай сапасынан көңіліңіз түспеу үшін не істеп жатқанымыз туралы көбірек біле аласыз.

Біздің ЖҚС желісі Қазақстанда ең кеңінен тараған желі болып табылады: 61 елді-мекенде 250 жанармай құю станциялар. Жақын арада сізге қолайлы болу үшін тағы 100 станция іске қосылады.

Helios компаниясы 1999 жылдың 27 қыркүйегінде құрылған және Қазақстанда жанар-жағар май бөлшек саудасымен айналысады. Жыл өткен сайын жанармай сапасына мән беретін тұрақты клиенттеріміздің саны өсіп келеді.

Helios компаниясының экологиялық ойлары

Біз – таза ауа және дұрыс жұмыс істейтін қозғалтқыштар үшін! Қоршаған ортаны қорғау және көлігіңіздің дұрыс жұмыс істеуі үшін біз ТМД-да бірінші болып Eco Force бензин мен дизель жанармайының жаңа түрлерін жасап шығардық.

2004 жылдан бастап біздің клиенттеріміз BASF жуғыш қоспасының арқасында қозғалтқышты тоттанудан қорғайтын, шөгулерді жоятын, жанармайдың толық жануын қамтамасыз ететін және өңделген газ көлемін азайтатын жанармаймен жүреді.

Біздің стратегиямыз

Біздің мақсатымыз Қазақстанда көп функцияналды жанармай құю кешендерінің ең заманауи желісін құру болып табылады. Желіні кеңейту және кәсіпті дамыту үшін өзімізге келесі міндеттерді қойдық:

— Қазақстанның барлық өңірінде Клиент үшін ыңғайлы ЖҚС инфрақұрылымын дамыту (автожуу, МАП, мини март, кафе
и СТО) во всех регионах Казахстана;
— тек қана жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну;

— бәсекелестерімізден бір қадам алда жүру және осы артықшылығымызды олар қамтымаған өңірлерде пайдалану.